Шетелге шығуды жоспарлап жүрсіз бе? Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын алдын ала тексеріңіз.

Шетелге шығуды жоспарлап жүрсіз бе? Шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын алдын ала тексеріңіз.

eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы мұны бірнеше минут ішінде онлайн тексеруге болады.
Қызмет арқылы борышкерлердің елден шығуына уақытша шектеу қойылғандар тізілімі және атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша тексеруге болады.
eGov Mobile мобильді қосымшасында қызмет басты бетте қолжетімді.
- «Шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеру» қызметін таңдаңыз;
- қажетті мәліметтерді енгізіңіз;
- «Тексеру» батырмасын басыңыз.