Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру

Жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының телнұсқасын беру

Ф-6 нысанындағы анықтаманы (жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы) eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн алуға болады.
Ф-6 нысанындағы анықтама өтініш берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екенін растайды. Бұл құжат жылжымайтын мүлік мәмілелерін рәсімдеу, мемлекеттік қызметтерді алу, несие рәсімдеу және басқа да өмірлік жағдайларда қажет болуы мүмкін.
eGov Mobile мобильді қосымшасында қызмет «Жылжымайтын мүлік және ТКШ» - «Жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» бөлімінде қолжетімді.
Анықтаманы алу үшін:
- қызметті таңдаңыз;
- қажетті жолдарды толтырыңыз;
- өтінімге қолжетімді әдістердің бірі арқылы қол қойыңыз;
- қызмет нәтижесімен «Жеке кабинет тарихы» бөлімінде таныса аласыз.