
Апостиль қойылған соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы алуға өтінішті eGov.kz порталы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн беруге болады.
eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру үшін:
- «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама» қызметін таңдаңыз;
- Құжатты алатын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) филиалын көрсетіңіз;
- Мемлекеттік бажды төлеп, қосымшаға қайта оралыңыз және сұранысқа қол қойыңыз.
Егер сіз шетелде болып, дайын анықтаманы жеке өзіңіз ала алмасаңыз, eGov Mobile мобильді қосымшасындағы eNotary сервиса арқылы Қазақстандағы өкіліңізге сенімхат рәсімдеңіз. Осылайша, өкіліңіз нотариаттық куәландырылған сенімхат негізінде апостиль қойылған қағаз анықтаманы өзіңіз таңдаған ХҚКО филиалынан ала алады.
Шетелге шығуға арналған анықтаманы рәсімдеу кезіндегі қызмет көрсету мерзімі:
- ХКҚО облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада орналасқан филиалдарына жүгінген жағдайда - 5 жұмыс күні;
- Мемлекеттік корпорацияның өзге филиалдарына жүгінген жағдайда - 10 жұмыс күні.