Борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру

Борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексеру

Жаз айы басталып, көптеген азаматтар шетелге сапар жоспарлайды. Шекарада мүмкін болатын қиындықтар мен шектеулердің алдын алу үшін шетелге шығуға тыйым бар-жоғын алдын ала тексеруге кеңес береміз.
eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында шетелге шығуға тыйым салынғанын тексеруге арналған онлайн-қызмет қолжетімді. Тексеру мынадай тізімдер бойынша жүргізіледі:
• шетелге шығуы шектелген борышкерлер тізілімі,
• атқару өндірісі бойынша борышкерлер тізілімі.
Қызметті eGov Mobile мобильді қосымшасында онлайн алу жолы:
• «Қызметтер» батырмасын басыңыз.
• «Саяхат, шетелде тұру және эмиграция» - «Шет елге шығуы шектелген, борышқорлар тізілімі және атқару өндірісі бойынша борышқорлар тізілімі бойынша шет елге шығуға тыйым салынғандығының бар болуын тексеру» қызметін таңдаңыз
• ЖСН/БСН еңгізіңіз.
• «Тексеру» батырмасын басыңыз.
Қызметті алу мерзімі eGov порталында да, eGov Mobile қосымшасы арқылы да 15 минутқа дейін қолжетімді.