
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау жыл сайын өткізіледі және осы саладағы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін ұдайы жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарының іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет нәтижелері туралы есептер орналастырылған (параққа кіру үшін сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/documents/1?directions=_42457&lang=kk.
Округ тұрғындарына Facebook әлеуметтік желісіндегі «Пікірлер» терезесінде ұсыныстар немесе ескертулер қалдыру мүмкіндігі беріледі (параққа кіру сілтемесі:
https://www.facebook.com/photo/?fbid=2160963111337189&set=a.122276615205859).
Жария талқылаулар 2026 ж. 05.05. бастап 2026 ж. 05.06. дейін өткізілетін болады.