
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Дружба ауылындағы Дружба орта мектебінде Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі Р.Ә. Аңбаевпен Дружба ауылдық округінің Дружба және Жаркөл ауылдарының тұрғындары арасында кездесу өтті.
Аудан әкімі тұрғындарды әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерімен таныстырды және 2026 жылға арналған негізгі мақсаттарды белгіледі. Кездесуден кейін Р.Ә. Аңбаев барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді.