2026 жылғы 8 сәуірде Дружба ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аумақты абаттандыру мәселелері бойынша рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Рейдтер учаскелік полиция инспекторлары тарапынан Дружба ауылдық округі әкімінің аппаратымен бірлесіп ұйымдастырылды. Негізгі назар аулалар мен іргелес аумақтардың санитарлық жағдайына, абаттандыру қағидаларын сақтауына, сондай-ақ аумақтарды күтіп ұстау саласындағы бұзушылықтарды анықтауға аударылды.
Іс-шаралар барысында тұрғындарға тазалық пен тәртіпті сақтау, аула аумақтарын абаттандыру, қоқысты шығару және белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілік жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мұндай рейдтер азаматтардың жауапкершілік деңгейін арттыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Барша тұрғындарды абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысып, туған ауылымыздың тазалығын сақтауға шақырамыз!
Посмотреть эту публикацию в Instagram