Қардан су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары

Қардан су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары

2026 жылғы 4 наурызда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Дружба ауылдық округінде қардан су өткізу құбырларын тазалау және құрғақ бұтақтарды кесу жұмыстары жүргізілді.
Бұл шаралар инфрақұрылымның жағдайын жақсартуға және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Құбырлардың тазалығы еріген сулардың еркін ағуына мүмкіндік береді, ал жасыл желекке күтім жасау ауылымыздың көркін сақтауға көмектеседі.