Балаларға қамқорлық — болашаққа қосқан үлес!

Балаларға қамқорлық — болашаққа қосқан үлес!

2026 жылғы 25 ақпанда Дружба ауылдық округінің Целинное ауылында маңызды оқиға болды: «Целинное-2004» ЖШС директоры Серік Кенжитайұлы Ибраев Целинное орта мектебінің оқушыларына хоккей формасының 10 жиынтығын тапсырды.
Бұл көмек балалар спортын дамытуға және жас спортшыларды қолдауға бағытталған кәсіпорынның жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Балалар жаңа жабдықты қуана сынап көріп, оны кортта пайдаланып үлгерді. Олардың эмоциялары, жаттығуға деген ұмтылысы және жеңіске деген талпынысы көрсетілген қолдау үшін ең жақсы алғыс болды.
Дружба ауылдық округінің әкімі Арман Қалиұлы Омаров «Целинное-2004» ЖШС директорының қосқан үлесі спорттың дамуына, балалардың денсаулығын нығайтуға және жастар арасында белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Целинное орта мектебі» КММ директорының м.а. Айгүл Ғазизқызы Тапенова көрсетілген көмек үшін алғысын білдіріп, жаңа форма оқушыларды белсенді жаттығуларға және жоғары спорттық нәтижелерге жетуге ынталандыратынын жеткізді.
Біз тұрақты қолдау, әлеуметтік жауапкершілік және балаларымыздың болашағына деген қамқорлық үшін ризашылығымызды білдіреміз. Жаңа форма командалық рухтың, спорттық жетістіктердің және жарқын жеңістердің символына айналсын.