
2026 жылғы 31 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Дружба ауылында Николай Григорьевич Луценко құрметіне арналған дәстүрлі ашық шайбалы хоккей турнирі өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Берік Айсинұлы Сапанов, Дружба ауылдық округінің әкімі Арман Қалиұлы Омаров, «Агромир» ШҚ басшысы Анна Николаевна Луценко және Ерлан Естайұлы Әділбеков құттықтау сөз сөйледі.
Жарысқа 4 ересектер командасы қатысты:
Жеңімпаз – Шөптікөл ауылдық округінің командасы
Ломоносов ауылдық округі
Дружба ауылдық округі
Чистопол ауылдық округі
Сонымен қатар Дружба және Шөптікөл орта мектептерінің жасөспірімдер командалары да бақ сынады.
Жасөспірімдер арасында жеңімпаз – Дружба орта мектебі.
Қатысушылар мен қонақтар үшін ыстық тағамдар, кәуәп және түрлі тәттілер ұйымдастырылды.
Командалардың қатысушыларына грамоталар, кубок және ақшалай конверттер табысталды.
Турнирді ұйымдастырғандарға, әсіресе Анна Николаевна Луценкоға ауылдағы спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріледі.
Спортшылар мен қонақтарға белсенді қатысқандары үшін ризашылық білдіреміз.
Келесі турнирде кездескенше!