Профилактика құқық бұзушылықтары мен зиянды әдеттердің алдын алу

Профилактика құқық бұзушылықтары мен зиянды әдеттердің алдын алу

2026 жылғы 2–6 ақпан аралығында Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты учаскелік полиция инспекторы Д. Ю. Смола бірлесіп, округ тұрғындарымен интернет-алаяқтықтың, мал ұрлығының, алкоголизмнің, нашақорлықтың, алкогольдік мас күйде көлік жүргізудің және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында азаматтарға негізгі сақтық шаралары мен құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай профилактикалық іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және округ аумағында құқық бұзушылықтар деңгейін төмендетуге ықпал етеді.