
2026 жылғы 21 қаңтарда Дружба ауылдық округінің әкім аппараты учаскелік полиция инспекторы Смола Д. Ю. бірлесіп округ тұрғындарымен интернет-шахрайлыққа, мал ұрлығына, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, нашақорлыққа және алкоголизмге қарсы профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулер барысында тұрғындарға құқық бұзушылықтардың негізгі тәсілдері мен олардың алдын алу шаралары түсіндіріліп, жеке және мүліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ азаматтарға құқық қорғау органдарына және шұғыл әрекет ету қызметтеріне құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда хабарласу тәртібі түсіндірілді.
Түсіндіру барысында алкогольдік және наркотикалық заттарды тұтынудың зиянды салдарына, денсаулыққа, отбасының әл-ауқатына және қоғамдық қауіпсіздікке әсеріне ерекше көңіл бөлінді, сондай-ақ заңнамада көзделген жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану бойынша ұсынымдар беріліп, тәуелділік жағдайында медициналық және психологиялық көмек алу тәртібі түсіндірілді.