Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі түсіндіру жұмыстары

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі түсіндіру жұмыстары

2026 жылғы 14 қаңтарда Дружба ауылдық округінің әкімі учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп округ тұрғындарын аралап шықты.
Аралау барысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, елді мекеннен тыс жерлерге шығудан уақытша бас тарту жөнінде ұсынымдар берілді.
Сондай-ақ жылыту пештерінің жай-күйіне тексеру жүргізіліп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Іс-шара соңында округ тұрғындарына жеке қауіпсіздік шараларын сақтауға тілек білдіріліп, төтенше жағдайлар, оқыс оқиғалар немесе өмір мен денсаулыққа қауіп төнген жағдайда ауылдық округ әкіміне және учаскелік полиция инспекторына дереу хабарлау қажеттігі ескертілді.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.