
13.01.2026 жылы Дружба ауылдық округінің әкімі А. Омаров ұжыммен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында интернет желісінде кең таралған алаяқтық түрлеріне, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар алған кезде қауіпсіз әрекет ету ережелеріне, сондай-ақ алаяқтық әрекеттерге тап болған жағдайда қолданылатын іс-қимыл тәртібіне ерекше назар аударылды.
Аталған түсіндіру жұмыстары ұжымның құқықтық және цифрлық сауаттылық деңгейін арттыруға және мүмкін болатын қаржылық шығындардың алдын алуға бағытталған.