
2026 жылғы 6 қаңтарда Дружба ауылдық округінде алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланатын және кәмелетке толмаған балалары бар тұлғалардың қатысуымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Отырыс барысында алкоголизмнің алдын алу мәселелері, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және асырау жөніндегі жауапкершілігі, сондай-ақ отбасылық қолайсыздықтың алдын алу шаралары қарастырылды.
Қатысушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салауатты өмір салтын ұстану және ата-аналық міндеттерді орындау бойынша ұсыныстар берілді.