eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы хабарлау функциясы енгізілді

eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы хабарлау функциясы енгізілді

eLicense.kz порталында пайдаланушыларға рұқсат құжаттары мен лицензиялардың қолданылу мерзімінің аяқталуы туралы хабарлау функциясы енгізілді.

Енді жүйе құжаттың қолданылу мерзімі аяқталуына 30 күн қалғанда автоматты түрде SMS-хабарламалар жібереді. Бұл пайдаланушыларға алдын ала дайындалып, қызмет барысында мүмкін болатын кідірістердің алдын алуға мүмкіндік береді.

SMS-хабарламаларды автоматты түрде жіберу функциясы тек қолданылу мерзімі белгіленген рұқсат құжаттары мен лицензияларға қатысты қызметтер үшін іске асырылған.

Хабарламалар электрондық үкіметтің SMS-шлюзі арқылы 1414 қысқа нөмірінен жолданады.

МаңыздыЖіберілетін SMS-хабарламалар eLicense.kz порталының ресми хабарландырулары болып табылады.Хабарлама пайдаланушы өтініш беру кезінде көрсеткен телефон нөміріне жіберіледі. Телефон нөмірінің дұрыстығы алдын ала Мобильді азаматтар базасымен деректерді салыстыру сервисі арқылы тексеріледі.