2025 жылдың қараша және желтоқсан айларында Дружба ауылдық округінде Қоғамдық кеңестің екі отырысы өтті. Іс-шаралар барысында алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс пайдалануға бейім тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Оларға мінез — құлықтарының әлеуметтік және құқықтық салдары түсіндіріліп, өмір сапасын жақсартуға және құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жеке ұсыныстар берілді.
Әрбір азаматқа 30 күнтізбелік күн ішінде орындауға міндетті шаралар тізімі белгіленді. Сонымен қатар, тұрмыстық-әлеуметтік жағдайларға мониторинг жүргізіліп, ауылдық округ аумағында профилактикалық жұмысты әрі қарай ұйымдастыру бойынша ұсыныстар дайындалды.