Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел
2025 жылдың 8 желтоқсанында Дружба ауылдық округі әкімінің аппаратында «Зорлық — зомбылыққа нөлдік төзімділік: Қауіпсіз қоғамды қалай құруға болады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға әкім аппаратының қызметкерлері мен Дружба ауылдық кітапханасының кітапханашысы — Л. И. Хлебникова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тұрмыстық және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқықбұзушылық фактілері туралы уәкілетті органдарды дер кезінде хабардар етудің маңыздылығы, сондай-ақ кез келген агрессия көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда қоғамның рөлі туралы өзекті мәселелерді талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыру, ақпараттық науқанды кеңейту және мемлекеттік органдар, жергілікті қауымдастық пен мәдениет мекемелері арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың қажеттігін атап өтті.