Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны 1 қарашаға дейін өтіп жатқанын естеріңізге саламыз

Қазақстанда медициналық ұйымдарға тіркеу науқаны 1 қарашаға дейін өтіп жатқанын естеріңізге саламыз

Қызметті eGov.kz порталы және eGov Mobile арқылы алуға болады.

eGov Mobile қосымшасында қызметті алу нұсқаулығымен видеода танысуға болады.

Қызметті eGov.kz порталында пайдалану үшін:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Азаматтарға» – «Денсаулық сақтау» бөліміне өту қажет;
  • «Медициналық көмек» — «Поликлиникаға тіркелу»қызметін таңдап, қажетті деректерді енгізу қажет;
  • қызметті қолжетімді қол қою әдістерінің бірімен растау қажет;
  • өтінімнің өңделу мәртебесін «Қызметтер тарихы» бөлімінен қадағалауға болады.

Науқаннан тыс уақытта да поликлиниканы ауыстыруға болады. Бұл басқа елді мекенге қоныс аударғанда, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырғанда, сондай-ақ поликлиника қайта ұйымдастырылған немесе жабылған жағдайда мүмкін. Мұндай жағдайда қызметті жылына бір рет қолдануға болады.