Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – қоғамымыздың дамуына қосқан баға жетпес үлестеріңіз, жастарға үлгі боларлық даналығыңыз, сабырыңыз бен мейіріміңіз үшін шынайы алғыс білдіретін күн.
Сіздер – салт — дәстүрлеріміздің сақтаушылары, отбасының тірегі және Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісісіздер.
Сіздің өмір жолыңыз – еңбек, ерлік және жанқиярлықтың айғағы.
Сіздердің арқаларыңызда біз бүгінде бейбіт те тұрақты елде өмір сүріп, әділетті қоғам құруды жалғастырып келеміз.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақындарыңыздың қамқорлығы мен көңіл бөлуін, жан жылуы мен амандық —саулық тілейміз!
Ізгі құрметпен, КММ «Дружба ауылдық округі әкімінің аппараты».