2025 жылғы 26 қыркүйекте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Дружба ауылы, Дружба ауылдық округінде сенбілік өтті.
Іс-шараға ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлері мен Дружба ауылдық кітапханасының кітапханашысы қатысты.
Экологиялық акция аясында көл жағалауын қоқыстан және тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке қатысушылар белсенді азаматтық ұстаным танытып, туған ауылдың санитарлық жағдайын жақсартуға және көркейтуге өз үлестерін қосты.
Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне аударуға ықпал етеді.