Сенбілік

Сенбілік

2025 жылдың 21 тамызында Дружба ауылдық округі әкімінің аппаратының мамандары мен Дружба ауылдық кітапханасының кітапханашысы республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған сенбілікке қатысты.
Іс-шара барысында балалар ойын алаңдары, мини-футбол алаңы және жақын маңдағы қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылды.
Мұндай акциялар экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға ықпал етеді.
Барлық округ тұрғындарын тазалықты сақтауға және қоқыс тастамауға шақырамыз!