Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгіме

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әңгіме
2025 жылғы 25 шілдеде Дружба ауылдық округінде Дружба ауылдық округінің әкімі А. Қ. Омаров пен учаскелік полиция инспекторы Р. С. Қабдуллин құрамындағы мобильді топ Дружба ауылының тұрғындары арасында профилактикалық әңгіме өткізді.
 
Келесі құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды:
 
  • интернет-алаяқтық және киберқылмыстың өзге де нысандары;
  • мал ұрлығы және мүлікті ұрлаумен байланысты басқа да қылмыстар;
  • қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу;
  • адамдар көп жиналатын орындарда мас күйінде пайда болуы.
Тұрғындарға әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың ықтимал салдары түсіндірілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және құқыққа қайшы мінез — құлықтың алдын алуға бағытталған.