12 шілде күні Володар ауылында жыл сайынғы аудандық Ғабит Мүсірепов атындағы мини-футбол турнирі өтті. Бұл жарысқа барлығы 9 команда қатысты: Приишимский, Дружба, Урожайное, Ломоносовка, Буденное, Бірлік, Неженка, Спарта (Новоишимка) және турнир иелері – Володар ауылының командасы.
Бұл спорттық іс-шараның демеушісі ретінде «Береке-Агро» ЖШС директоры Киекбаев Максат Канатович болды.
Кішкентай ғана ашылу салтанатынан кейін жеребе тарту өткізіліп, төрешінің ысқырығымен футбол матчтары басталды. Барлық ойыншыларға ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Ойындар өте қызу жағдайда өтті, көптеп әдемі голдар мен нәтижелі шабуылдар орын алды. Көрермендерді ерекше таңғалдырған – Бірлік пен Дружба командаларының ойыны болды. Нәтижесінде, Бірлік командасы чемпион атанды. Қола жүлдені Приишимский ауылының құрамасы жеңіп алды, күміс – Урожайное ауылына бұйырды. Төртінші орынды Спарта командасы иеленді.
Сондай-ақ, ерекше көзге түскен ойыншылар назардан тыс қалмады. «Үздік қорғаушы» аталымын Приишимский командасының ойыншысы Трофимов Кирилл иеленсе, «Үздік қақпашы» болып Урожайное ауылынан Янцен Александр танылды. Ал «Үздік шабуылшы» деген атақ Бірлік командасының ойыншысы Нагашвай Максатқа еш күмәнсіз берілді.
Барлық қатысушыларға үлкен жеңістер мен мықты денсаулық тілейміз!