2025 жылғы 10 шілдеде Дружба ауылдық округінің әкімі А. Қ. Омаров учаскелік полиция инспекторы Р. С. Кабдуллинмен бірлесіп, асоциалды өмір салтын ұстанатын және тәуекел тобындағы азаматтармен профилактикалық әңгімелесу өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға қоғамдық орындардағы мінез-құлықты реттейтін заңнама нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік – «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл желектерді жою және зақымдау» түсіндірілді.
Азаматтардың қоршаған ортаға және қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар ауылдық округ аумағында құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге және құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді.