Бірнеше рет басу арқылы өз бизнесіңізді басқарыңыз

Бірнеше рет басу арқылы өз бизнесіңізді басқарыңыз
Енді жеке кәсіпкерлер, шағын және орта бизнес өкілдері өз бизнесін бірнеше қадам арқылы басқара алады: жаңартылған eGov Business қосымшасындағы жеке кабинет компания туралы барлық ақпаратты біріктіреді, AI-чат-боттар шешімдерді ұсынады, ал Салық күнтізбесі төлем мерзімдерін автоматты түрде еске салады. Мұның бәрі отандық кәсіпкерлерге eGov Business мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасында қолжетімді.
Қосымшаның маңызды жаңалығы – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тәуекелдерді басқару сервисі. Бұл сервис кәсіпкерлерге алдағы тексерулер туралы алдын ала хабарлап, кез келген жағдайға дайын болуға және ықтимал тәуекелдерді барынша азайтуға көмектеседі.
Қосымшада 32 қызмет қолжетімді, бұл бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара әрекеттестікті едәуір жеңілдетеді. Бұдан бөлек, команда қосымшаның функционалын айтарлықтай жақсартты. Тестілеу барысында сыртқы веб-сервистер мен платформалармен ауқымды интеграциялық жұмыстар жүргізіліп, барлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуі мен барынша тиімділігі қамтамасыз етілді.
eGov Business платформасы өз мүмкіндіктерін кеңейтіп, веб-сервистерге интеграция арқылы қолжетімділік беруде. Бұл үшінші тарап әзірлеушілері мен компанияларға өз сервистерін eGov Business интерфейсі арқылы ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша кәсіпкерлерге цифрлық құралдарға ыңғайлы қолжетімділік қамтамасыз етіледі.