
2025 жылғы 27 маусымда учаскелік полиция инспекторы Д. Ю. Смола Дружба ауылдық округі әкімінің аппаратымен бірлесіп, профилактикалық есепте тұрған, сондай-ақ «қауіп тобындағы» азаматтармен түсіндіру — профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың салдары және әлеуметтік бейімделудің маңыздылығы мәселелері талқыланды.
Әсіресе алкоголь мен есірткі заттарын қолдануға байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға әкімшілік және қылмыстық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік бар екені ескертілді.