2025 жылғы 29 мамырда Дружба ауылдық округінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Ауылдық учаскелік инспектормен бірлесе отырып, спирттік ішімдік тұтынатын азаматтармен, сондай-ақ көпбалалы және қолдауды қажет ететін отбасылармен кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қоғам қауіпсіздігін нығайту, құқықтық нормаларды түсіндіру және көмек қажет ететін отбасыларға қолдау көрсету. Бұл жұмыс халықтың хабардарлығын арттыру және округ тұрғындары үшін қауіпсіз орта құруға бағытталған.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.