Жеңісіңізбен құттықтаймыз!

Жеңісіңізбен құттықтаймыз!

2025 жылғы 27 мамырда Дружба ауылдық округі ұлттық спорт түрлері бойынша аудандық спартакиадада жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.

Барлық спортшыларға жеңіске деген ұмтылысы, қажырлылығы және командалық рухы үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз осы маңызды жетістікке жетуге мүмкіндік берді.

Ерекше алғысымызды демеушілеріміз – "Целинное-2004" ЖШС, "Береке-Агро" ЖШС және "Дружба" ЖШС-ке білдіреміз. Спорттың дамуына қосқан үлестеріңіз бен қолдауларыңыз команда дайындалып, жарыстарға қатысуына зор ықпал етті.

Сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Алда жаңа жеңістер мен үлкен жетістіктер күтіп тұр деп сенеміз.