Шомылуға тыйым салынады!

Шомылуға тыйым салынады!

Дружба ауылдық округі аумағында ресми жабдықталған шомылу орындары жоқ.

Алда – жазғы маусым мен демалыс. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Есіл өзеніне «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгілері орнатылды.

Ауыл тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын сақтап, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауды сұраймыз. Бұл – қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін маңызды.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау – тыныш әрі жайлы демалыстың кепілі.