2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мөлшері туралы

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мөлшері туралы
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы және әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар мөлшері туралы
«2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 01.01.2025 жылдан бастап:
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 932 теңге;
Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 46 228 теңге;
Ең төменгі зейнетақы – 62 771 теңге мөлшерінде;
Базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге мөлшерінде белгіленген.
Жасы және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 8,5 % - ға артады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 205-бабына сәйкес ЕТКД-нің жаңа мөлшеріне пайыздық қатынаста белгіленеді.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 65%-дан 70%-ға дейін ұлғайтылатын болады, бұл 32360 теңгені құрайды, ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 105%-дан 110%-ға дейін, бұл 50851 теңгені құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бұл өсім 104 мыңнан астам алушыға әсер етеді.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуына байланысты мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамға берілетін мемлекеттік жәрдемақының, арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 01.01.2025 жылдан бастап 6,5%-ға өсті.
Айлық есептік көрстекіш мөлшерінің артуына байланысты №1 және №2 тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, бала тууға байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, ай сайынғы бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы, жерлеуге біржолғы төлем, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар көпбалалы отбасыларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 01.01.2025 жылдан бастап 6,5%-ға өсті.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің өсуінің бірнеше мысалдары:
1) 1, 2, 3 бала туған кезінде төленетін біржолғы жәрдемақы - 149 416 теңгені, 4 және одан көп бала туғанда - 247 716 теңгені құрайтын болады.
2) Көпбалалы отбасына ай сайын берілетін жәрдемақы төрт балаға –63030 теңге, он балаға – 157280 теңге мөлшерінде төленеді. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көпбплплы отбасыларға 4,5 мың алушы жәрдемақы алады.
3) Жалпы аурудың І тобындағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы – 101702 теңгені, ІІ топ – 81362 теңгені, ІІІ топ – 55474 теңгені құрайды.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерге арнайы әлеуметтік төлем енгізілді.
Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД мөлшерінің ұлғаюына байланысты артады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 4 көзден арнайы әлеуметтік төлемнің мөлшері 184912 теңге немесе 4 ЕТКД мөлшерін құрайды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2 көзден арнайы әлеуметтік төлемнің мөлшері 92456 теңге немесе 2 ЕТКД мөлшерін құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ұзақ уақыт еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда еңбек еткен 412 азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем тағайындалды, оның ішінде 333 азаматқа 4 көзден, 79 азаматқа 2 көзден тағайындалды.
«Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаменті» РММ-нің
басшысы
М.Қ. Омаров