Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру

Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру
Қазақстандықтар сұранысқа ие «VIP» нөмірлерді eGov.kz порталы және eGov mobile қосымшасы арқылы таңдап, сатып ала алады.
Egov.kz порталында қызметті алу үшін:
• Басты бетте: «Азаматтарға» → «Көлік және коммуникациялар» → «Автомобиль көлігі» → «Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру» қызметін таңдау керек;
• Сервис паспортында «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
• Әрі қарай, қажетті жоғары сұранысқа ие нөмірді іздеу қажет. Егер қажетті нөмір бос болмаса, пайдаланушы басқа нөмірді таңдай алады;
• Облыс, ХҚКО ортылығын және нөмір түрін таңдаңыз;
• Содан кейін сіз төлем жасауыңыз керек. Сондай-ақ, пайдаланушының бұрын төленген чекті пайдалану мүмкіндігі бар.
Қызмет көрсету нәтижесі: мәртебелік бетте және жеке кабинеттегі хабарлама болып табылады.
Аталған қызмет eGov mobile-да «Қызметтер» - «Жүргізу және көлік» - «Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру» бөлімінде қолжетімді.
❗️Қызмет арқылы тек жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сатып алуға болады.