2026 жылғы 31 тамызда «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де аппарат ұжымымен жаңартылған
eGov.kz цифрлық үкімет порталы мен eGov Mobile мобильді қолданбасының мүмкіндіктерін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара барысында «Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ әкімі В.Н. Руденкин қатысушыларды «Электрондық үкімет»
eGov.kz веб-порталы және eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәртібімен таныстырды.
Интерфейсі заманауи, ыңғайлы және пайдаланушыларға түсінікті бола түскен жаңартылған
eGov.kz порталының жаңашылдықтарына ерекше назар аударылды.
Атап айтқанда, келесі мүмкіндіктер қаралды: QR-код, ЭЦҚ, Push-хабарламалар немесе SMS пайдалану арқылы ыңғайлы авторизациядан өту; тіркелу кезінде Мобильді азаматтар базасындағы телефон нөмірін тікелей өзгерту мүмкіндігі; жаңартылған басты бет және жақсартылған навигация; азаматтар мен бизнес үшін қажетті мемлекеттік қызметтерді жылдам іздеу; қызметтерді алу шарттары, көрсету мерзімдері және өтінімнің мәртебесі туралы егжей-тегжейлі ақпараты бар түсінікті қызмет карталары; мемлекеттік қызметтердің көрсетілу барысы туралы электрондық хабарламалар алу мүмкіндігі.
Дөңгелек үстелді өткізу ауылдық округ тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін кейіннен сапалы ақпараттандыру және түсіндіру үшін әкім аппараты қызметкерлерінің жаңартылған
eGov.kz порталының мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен 8 адам қамтылды.