Алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізді

Алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізді

2026 жылғы 14 мамырда Чистопол ауылдық округі әкімдігінің мамандары сауда нүктелерінің сатушыларымен алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол бермеу мәселелері бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізді. Шара барысында қолданыстағы заңнама талаптары, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сату ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сатушыларға негізгі нормалар мен ұсынымдар жазылған ақпараттық жадынамалар табыс етілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және сауда саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.