
2026 жылғы 14 мамырда Чистопол ауылдық округінің әкімі В.Н. Руденкин Симоновка ауылында тұрғындар жиынын өткізді. Бас қосудың басты себебі — Симоновка ауылын тарату және оның аумағын Гаршино ауылының құрамына қосу мәселесі болды. Жергілікті тұрғындар өз пікірлерін ортаға салып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.