Сенбілік

Сенбілік
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 2026 жылғы 17 сәуірде ауылдық округ әкімі аппараты ұжымының қатысуымен сенбілік өткізілді.
Сенбілік барысында аумақты санитарлық тазарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді: қоғамдық орындар мен іргелес аумақтар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналып, шығарылды. Сондай-ақ Чистополье орта мектебінің жоғары сынып оқушылары Чистополье ауылының көшелерін тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.
Сенбілікті өткізу қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған өлкенің тазалығы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған.