Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында есептелген қаражат туралы ақпаратты
eGov.kz порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тексере алады.
Есептелген қаражат туралы ақпарат 31 қаңтардан бастап қолжетімді.
Біз сіздер үшін ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды жинадық

Ата-аналар мен заңды өкілдер есептелген қаражат туралы ақпаратты бірнеше тәсілмен тексере алады:
•
eGov.kz порталындағы Жеке кабинеттегі «Цифрлық құжаттар» бөлімінде,
• eGov Mobile қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі арқылы,

Егер Ұлттық қордан есептелген қаражат көрінбесе, не істеу керек?

«Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, ақпараттың жаңартылуы үшін «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басыңыз. Толық нұсқаулықты бейненұсқаулықтан көруге болады.

eGov Mobile қосымшасында балалар туралы деректерде қате болса, оны қалай түзетуге болады?

Егер бала туралы мәліметтер қате көрсетілсе, тиісті цифрлық құжатты ашып, төменгі оң жақ бұрыштағы үш нүктені басыңыз, «Қате туралы хабарлау» тармағын таңдаңыз және өтініш жіберіңіз.

Ұлттық қордан есептелген қаражат туралы ақпаратты алу үшін eGov Mobile-ға бала деректерін қалай қосуға болады?

Егер бала туралы деректер қосымшада көрсетілмесе, бұл нысаналы талаптардың есептелуіне әсер етпейді. Мәліметтерді қосу үшін «Цифрлық құжаттар» бөліміне өтіп, «Отбасы» санатын таңдаңыз, жоғарғы оң жақ бұрыштағы «қосу» белгісін басып, форманы толтырып, өтінімді жіберіңіз.

Егер смартфон болмаса, не істеу керек?

Бұл жағдайда нысаналы талаптар туралы ақпаратты
eGov.kz порталы арқылы - Жеке кабинеттегі «Цифрлық құжаттар» бөлімінен тексеруге болады. Қате анықталған жағдайда «Туу туралы мәліметтерді түзету» батырмасын басып, актілік жазба деректеріне өзгерістер енгізу қажет.