«Жасыл дәліз» механизмі Қазақстанда инвестициялық жобаларға мемлекеттік қызметтерді жедел әрі басым тәртіппен көрсету мақсатында енгізілген. Аталған функционал «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде іске асырылған және инвесторлардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылында қолданылады.

«Жасыл дәліз» механизмі мемлекеттік органдар тарапынан өтінімдерді басым тәртіппен қарау арқылы мемлекеттік қызметтерді қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді

Бұл тәсіл «Е-лицензиялау» платформасында цифрлық форматта іске асырылған және инвестициялық ахуалды жақсарту мен инвесторларға арналған «бір терезе» қағидатын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясат аясында қолданылады.

Мемлекеттік органдар үшін жүйеде арнайы визуалды белгі қарастырылған. Өтінімдер тізімінде өтініш берушінің сәйкестендіру кодының жанында «Жасыл дәліз» қатысушысы мәртебесін растайтын белгі көрсетіледі. Бұл мұндай өтінімдерді қарау кезінде оларды жедел айқындауға мүмкіндік береді.