Встреча акима области с жителями

Встреча акима области с жителями

СҚО әкімі 2026 жылдың алғашқы жұмыс күнін Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жұмыс сапарымен бастады. Ең шалғай округтерінің бірі – Чистопол ауылдық округіне барып, тұрғындармен кездесті, әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

 

🔹 Негізгі көтерілген мәселелер жолдардың сапасы, абаттандыру, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігіне және инфрақұрылымды дамытуға қатысты болды.

 

🔹 Соңғы екі жылда автомобиль жолдарын салу мен жөндеуді қамтитын ауданның даму бюджеті 20 млрд теңгеден 41 млрд теңгеге дейін өсті. Чистопол ауылдық округінің бюджеті де айтарлықтай ұлғайып, соңғы үш жылда 449 млн теңгеге жетті. Осы уақыт ішінде әлеуметтік нысандарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

 

🔹 Негізгі өзекті мәселелердің бірі – жолдардың жағдайы. Екі жылда «Петропавл – Жезқазған» республикалық маңызы бар автомобиль жолының Новоишимское ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі 120 шақырымнан астам бөлігіне, сондай-ақ Шал ақын ауданы бағытында 14 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы «Рузаевка - Ақмола облысы» республикалық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жоба үш жылға шақталған. Мемлекеттік сараптама 1 шілдеде аяқталады, одан кейін жобаның нақты құны бекітіледі. Мамандардың алдын ала деректері бойынша, жобаның болжамды құны 30 млрд теңге болмақ.

Сонымен қатар Чистополь ауылында елді мекен ішіндегі жолдар мен жаяу жүргінші жолдарын жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде, шамамен 4 шақырым жолды асфальттау және 7 шақырымға жуық жолды қиыршық таспен төсеу жоспарланған.

 

🔹 Чистопол орта мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Биыл спорт залды жөндеп, қажетті спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін болады. Сондай-ақ арнайы автокөлік сатып алу жоспарланған.

 

🔹 Қаңтар айында округ аумағында банкомат орнатылады. Бұл қаржылық қызметтердің жергілікті жерде қолжетімділігін арттырмақ.