Автокөлігіңізге VIP-нөмірді таңдау және рәсімдеу оңай әрі ыңғайлы

Автокөлігіңізге VIP-нөмірді таңдау және рәсімдеу оңай әрі ыңғайлы
Автокөлігіңізге VIP-нөмірді таңдау және рәсімдеу оңай әрі ыңғайлы. Ол үшін eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш берсеңіз жеткілікті.
📌 Өтінішті eGov.kz порталы арқылы да беруге болады.
Ол үшін:
• Басты беттен өтіңіз: «Азаматтарға» → «Көлік және коммуникациялар» → «Автокөлік көлігі» → «Автокөлікке VIP-нөмірге тапсырыс беру»;
• Қызметте «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
• Қалаған жоғары сұранысқа ие нөмірді іздеңіз. Егер нөмір бос болмаса, басқа нөмірді таңдаңыз;
• «Аймақ», «ХҚКО» және «ГРНЗ түрі» таңдаңыз;
• Төлем жасаңыз. Қажет болған жағдайда бұрын төленген чек те пайдалануға болады.
Қызмет нәтижесі: статус бетінде және Жеке кабинетте хабарландыру көрсетіледі.
❗️Қызмет тек жоғары сұранысқа ие нөмірлерді сатып алуға мүмкіндік береді.