Құқық кабинетінің мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Құқық кабинетінің мүмкіндіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары
Қазақстан Республикасы Президентінің тегін құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың мемлекеттік сервистерді цифрлық форматта пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде ауылдық округтерде "Құқық кабинеттері"ашылды.
"Құқық кабинеті" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы негізінде жұмыс істейді.
Құқық кабинетінің негізгі мақсаты ауыл халқының құқықтық ақпаратқа тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ тұрғындардың жедел консультациялық және ақпараттық көмек алуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
04.12.2025 жылы Чистопол ауылдық округінің мамандары халық арасында құқық кабинеттерінің мүмкіндіктері және оларды пайдалану тәртібі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.