Электрондық цифрлық қолтаңба

Электрондық цифрлық қолтаңба
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – бұл сіздің жеке қолтаңбаңыздың цифрлық баламасы. Ол жеке тұлғаны заңды түрде растап, құжаттарды электрондық форматта бекіту үшін қолданылады. ЭЦҚ заңды күшке ие және мемлекеттік қызметтерді онлайн алу үшін кеңінен пайдаланылады.
Алайда ЭЦҚ қолдану барысында қауіпсіздік шараларын ұмытпау маңызды:
- ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
- Оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз;
- Күрделі және бірегей құпиясөзді қолданыңыз;
- Кілттердің өзектілігін тұрақты тексеріп, қажет болған жағдайда кері қайтарыңыз.
Құрметті пайдаланушылар, егер сіз orken.otbasybank.kz арқылы мемлекеттік тұрғын үй алу кезегіне тұрғыңыз келсе, барлық құжаттарды алдын ала дайындап, ЭЦҚ кілтін уақытылы шығару қажет екенін хабарлаймыз.
Басқа тұлғаның ЭЦҚ-сын тарату және пайдалану үшін екі тарапқа да — ЭЦҚ-ны берген және оны пайдаланған тұлғаларға — әкімшілік жаза қарастырылғанын еске саламыз.