eGov Mobile қосымшасында қамқоршыларға арналған жаңа цифрлық құжат қолжетімді

eGov Mobile қосымшасында қамқоршыларға арналған жаңа цифрлық құжат қолжетімді
eGov Mobile қосымшасында қамқоршыларға арналған жаңа цифрлық құжат қолжетімді!
eGov Mobile мобильді қосымшасында 18 жасқа толған қамқорлықтағы азаматтар мен олардың қамқоршылары туралы мәліметтері бар цифрлық құжат пайда болды. Құжат «Е-Собес» ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады — онда тіркелген барлық қамқоршылар, қорғаншылар және олардың қамқорлығындағы тұлғалар есепке алынған.
Құжатта келесі ақпарат көрсетіледі:
- Қамқоршы мен қамқорлықтағы адамның ЖСН мен ТАӘ
- Олардың туған күні
- Қамқоршыны тағайындау туралы бұйрықтың нөмірі мен күні
- «Жарамды күні» туралы ақпарат
Құжат «Цифрлық құжаттар» бөлімінде «Құжаттарды жаңарту» батырмасын басқаннан кейін, заңды өкіл мәртебесі расталған қолданушыларда автоматты түрде пайда болады.
Толығырақ