Жас қызметкерлермен кездесу

Жас қызметкерлермен кездесу
2025 жылғы 22 мамырда ауылдық округ мамандары Чистопол орта мектебінің жас қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында қызметкерлер Президенттік Жастар кадрлық резервіне алдағы іріктеу туралы хабардар етілді, оның бірінші кезеңі - құжаттарды қабылдау - 1 маусымнан басталып, 30 маусымға дейін жалғасады.
Қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. 35 жасқа дейін;
2. Жоғары білімнің болуы;
3. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес;
4. B1-ден төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді меңгергені туралы сертификаттың болуы.