
Жергілікті атқарушы органдарға сатып алынған жануарлар, алынған ұрпақ, сою және өткізу туралы уақтылы хабарлаңыз. Егер сіз осы қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, бұл іздеу шараларын және жануарларды дұрыс есепке алуды жеңілдетуге көмектеседі. Егер сіз мал ұрлығының құрбаны болсаңыз, өз бетіңізше іздеу шараларын қолданбаңыз. Бұл жағдайды нашарлатады және мүліктің жоғалуына ықпал етеді. Ұрлық анықталған жағдайда дереу учаскелік полиция инспекторына хабарласыңыз немесе бұл туралы 102 нөміріне хабарлаңыз