Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары

2025 жылдың 18 сәуірінде Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының маманы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Порталда https://elicense.kz/?lang=ru "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу", "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік қызметтер алынды. Порталда Egov.kz мобильді азаматтар базасында нөмірлер тіркелді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына барлығы 10 адам қатысты.