«СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тұрғындарға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы хабарлайды.

«СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ тұрғындарға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы хабарлайды.
Құрметті округ тұрғындары мен ата-аналар! Жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін еске саламыз.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Кәмелетке толмаған балаларға ерекше назар аударуды сұраймыз. Ата-аналар мен заңды өкілдер балалардың ересектердің қарауынсыз су айдындарының маңында болуына жол бермеуге, сондай-ақ олармен суда өзін-өзі ұстау қағидалары туралы тұрақты түрде профилактикалық әңгімелер жүргізуге міндетті.
Тыйым салатын белгілер орнатылғанына қарамастан, ересектер мен балалардың қауіпті су айдындарына бару жағдайлары әлі де тіркелуде. Қауіпсіздік талаптарын елемеу қайғылы жағдайларға ғана емес, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға да әкеп соғуы мүмкін.
Округ тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға және өз жақындарының өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!