Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

«Миллиондық жеткізілім»Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы жаңа алаяқтық толқын туралы ескертеді. Шетелдік дерек көздердің ақпараты бойынша (https://www.theguardian.com/.../cleaning-superstore-the..., https://dzen.ru/a/aa5EsIuKNzrADYS3)зиян кестержаппай мессенджерлер мен SMS арқылы «жіберіп алған жеткізілім» туралы жалған хабарламалар жібереді.Бір қарағанда мұндай хабарламалар зиянсыз көрінеді және курьерлік қызметтердің стандартты хабарламаларын еске салады. Мәтінде курьердің сәлемдемені тапсыра алмағаны және жеткізілімдіқайта ресімдеу үшін арнайы параққакөшуді ұсынатыны көрсетіледі. Алайда, көрсетілген мекенжай логистикалық компаниялардың ресми ресурстарын толығымен еліктейтін жалған сайтқа апарады. Пайдаланушыға жеке мәліметтерін -Т.А.Ә., ЖСН, тұрғылықты мекенжайын көрсету, сондай-ақ жеткізілімдіқайта жеткізу үшін аз соманы төлеу ұсынылады.Тиісті ақпаратты енгізгеннен және төлем төлегеннен кейін қылмыскерлер құпия деректер мен банк деректемелеріне қол жеткізеді, бұл қаржылық шығындарға ғана емес, сондай-ақ Сіздің дербес деректеріңізді қылмыстық схемаларда әрі қарайпайдалануға да әкелуі мүмкін.Алаяқтардың құрбаны болмау үшін қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын сақтау қажет:-егер Сіз жеткізілімдікүтпейтін болсаңыз, мессенджер және SMS хабарлардансілтемелер арқылы өтпеу;-сайт мекенжайын мұқият тексеру -алаяқтық ресурстар көбінесе бір немесе екі әріппен, белгілермен ерекшеленеді;-күдікті ресурстарға құпия жәнебанктік ақпаратты енгізбеу;-жеткізілімнің мәртебесін курьерлік қызметтердің, логистикалық компаниялардың ресми сайттары мен қосымшаларыарқылы ғана тексеру;-күдікті хабарламалардыалған кезде оларды елемеу және бұғаттау.Аферистер азаматтардың сенімділігін және жеткізілімтуралы хабарламаларға жылдам жауап беру әдетін белсенді пайдаланады. Сондықтан да мұндай схемалар шапшаң таралып, әркімге әсер етуі мүмкін.Цифрлықортадағы сақтық -қаржылық ысыраптарданжәне дербес деректердің жария болуынан ең жақсы қорғау.