
2025 жылдың қаңтарынан бастап elicense.kz платформасы арқылы 1,5 миллион мемлекеттік қызмет көрсетілді. Күн сайын бұл платформаны шамамен 30 мың адам пайдаланады – бұл лицензиялау және рұқсат беру саласындағы цифрлық құралдарға деген тұрақты сұранысты көрсетеді.
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының электрондық үкіметін қалыптастыру және дамыту бағдарламасы аясында құрылған. Жүйе лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу үдерістерін автоматтандырып, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы тиімді әрі ашық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.
Бүгінде жүйеде 4 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген, олардың ішінде 3,8 миллионы – жеке тұлғалар, 255 мыңы – заңды тұлғалар.
2025 жылдың бірінші жартысында платформада төрт жаңа қызмет қолжетімді болды:
Elicense.kz платформасындағы ең сұранысқа ие қызметтердің қатарында:

Жүйе үнемі жетілдіріліп отырады: жаңа қызметтер қосымша салаларды қамтып, лицензия алу үдерісі азаматтар мен бизнес үшін жеңіл әрі жедел бола түсуде. «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ жүйесі қағазбастылықты едәуір қысқартып, өтініштерді қарау мерзімдерін жылдамдатуға мүмкіндік берді.