2025 жылғы 24 маусымда Бірлік ауылдық округінің әкімі А.Қ. Әржікеев учаскелік полиция инспекторы капитан С. С. Афанасенкомен бірлесіп, қоғамға жат өмір салтын ұстанатын, алкогольді асыра пайдаланатын адамдармен, есепте және "тәуекел тобында" тұрған адамдармен, қолайсыз отбасылармен құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгімелер жүргізді. Дүкендердің иелері мен сатушыларымен белгіленген уақытта спирттік ішімдіктерді сатуға жол бермеу туралы әңгімелер жүргізілді. "Egov" қосымшасы арқылы онлайн-кредиттерді бұғаттау мүмкіндігін түсіндіретін жадынамалар мен түрлі-түсті буклеттер табыс етілді.